«Мир» теле-радио арнасына сұқбат беру және сюжет түсіру жөніндегі далалық жұмыстар

20.02.2023

«Мир» теле-радио арнасына жануарлар дүниесінің қыс мезгіліндегі жағдайы және қосымша азықтандыру шаралары бойынша сұқбат беру және сюжет түсіру жөніндегі далалық жұмыстар

         Іле-Алатауы МҰТП Ақсай филиалы Ақсай орманшылығы және Қаскелең орманшылықтарына ағымдағы жылдың ақпан айының 14-і күні ЖДҚжД бөлімі биолог-аңтанушылары, ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің ғылыми қызметкерлері Жапарқұлов Т.М , Турсымбай К.С Ақсай филиалының биолог-аңтанушысы Жазылбек К., Ақсай филиалының мемлекеттік инспектрлары А.Муратов, Қ.Алиасқаровтың қатысуымен «Мир» телеарнасының журналисті Кирилл Харламовқа  аталған шатқалда далалық бақылау жұмыстарын жүргізе отырып, сұхбат берілді. Сұхбат барысында қазіргі мезгілдегі жануарлардың жай-күйі, кездесу жиілігі, қосымша азықтарды қорек ету жағдайы т.б баяндалды. Сонымен қатар биотехниялық шаралар жұмыстары айтылды. Атап айтқанда, ашатұяқты сүтқоректілерге (елік, марал, қабан, тауешкі) арналып қысқы астаулардың орнатылуы, тұзжалақтар мен тұздалған сыпыртқылардың дайындалуы көрсетілді.