Сиверс алмасы жөнінде.
Сиверс алмасы (Malus sieversii). Ағаштың биіктігі 2-6(12) м, өркені сұр-қызыл қоңыр немесе қара-сұр. Жапырағының ұзындығы 6-11см, ені 3-3,5см, пішіні жалпақ қаңдауырға немесе сопақ-эллипске ұқсас. Гүлі ақ немесе әртүрлі реңде қызғылт, диаметрі 3,5-6см, 3-5 гүл қалқаншасы жинақталған. Жемісі әртүрлі формада, көлемі мен реңі пісіп жетілуіне байланысты. Көбірек кездесетіні сары реңді шар тәрізді жемісі. Гүлдеуі:сәуір-мамырда, жеміс салуы- тамыз қыркүйекте. Көбеюі тұқымымен, тамыр өркенімен. Өсіп-өнетін орны. Түрдің неғұрлым мол популяциясының қалыптасуы – таудың солтүстік баурайында 1200-1600м т.д.б және өзен терассасында. Іле-Алатауында 900-ден 1800 м т.д. б кездеседі. Түрдің маңыздылығы. Орман құратын тұқымдар болып саналады және алма сорттарын селекциялау үшін бағалы гендік қор. Бұл тағамдық, шырындық, әсемдік өсімдік. Жемісін джем, шарап, өндіру үшін жас және құрғақ күйінде пайдаланылады. Ағашы әсемдік өсімдік ретінде кеңінен пайдаланылады. Сирек кездесетін түр ретінде ҚР қызыл кітабына енген.
Іле-Алатауындағы Сиверс алмасының зерттелуі.
Іле-Алатауындағы табиғи Сиверс алмасының өсу ареалдарын көптеген ғалымдар мен селекционерлер назар аударып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1929 жылы Алматы айналасындағы жабайы алма ағаштарының тау сілемдерін зерттеп, Н.И. Вавилов (1927) былай деп жазды: "қала төңірегінде тау бөктерінен үлкен қашықтықта тұтас орман алқаптарын құрайтын жабайы алма ағаштарының баурайы созылып жатыр. Кішкентай Кавказ алма ағаштарынан айырмашылығы, қазақстандық жабайы алма ағашы негізінен мәдени сорттардан ірі жемісті сорттармен аз ерекшеленеті ұсынылған. Қыркүйек айында піскен алманы мәдени сортпен теңестіруге болады. Кейбірінің сапасы мен жемісінің үлкендігі сондай оны баққа ауыстыра беруге болады деген». Ұлттық парктің қазіргі аумағы саналатын Есік пен Үлкен Алматы шатқалдарының арасын М.Г Поповтың тобы зерттеді. Олар жеміс беретін 145 мың жеміс беретін, 25 мың ағашты алып, олардың гүлдеуі, пісуі, пішіні, түсі мен дәміне байланысты ұсыныстарын жазған.Поповтың мәліметінше 20 ғасырдың 20-30 жж аралығында ағаштардың отынға кесілуі өте көп екенін мәлімдеді. Бір ған Талғар шарап зауыты өз қажетіне 1926ж 16мың м3 ағаш дайындаған. Әр жылдары Н.И Рубцова (1941), В, И Инфатьев (1947), П.П Поляков (1948), Кравцова (1948), М.В Гудочкин (1958) сияқты ғалымдар зерттеуге үлес қосты. Жүйелі зерттеу жұмыстары 20 ғ ортасында академик А.Д. Жанғалиев және оның тобы селекциялық жұмыстар мен жабайы алманың пішіндеріне қарай жіктеп зерттеуді бастады. Сондай-ақ халықаралық негізде дүние жүзі ғалымдары да қатысты. Өз кезегінде Іле-Алатау МҰТП мамандары Иващенко А.А, Туреханова Р.М, Жақсылықова Ә. (2015) мониторинг жұмыстарын жүргізіп, алма пішіндері мен дәмінің әр түрлілігін анықтады. Жалпы 60 шақты алма пішінін анықтаған. Жабайы алманың Ұлттық парк аумағының Есік, Микушино, Солдатсай, Талғар, Түрген, Ақсай, Белшабдар, Қотырбұлақ т.б шатқалдарда 900 м-ден 1500 м.т.д өсетіндігі, ал оңтүстік беткейде 1600-1800 м. Таралуы жеке көбнесе көп болып өседі. Ұлттық парктегі алмалар дәміне қарай тәтті, қышқыл-тәтті, өткір болып келеді. Алма жемістері белсенді заттардың Р 740мг%-н, мәдени сортқа қарағанда 7,4 есе артық береді екен.Жабайы алмалардан джем, тосап, компот, құрғақ қақтар, табиғи шырын т.б жасауға болады. Сонымен қатар ағашы қар және топырақ тоқтатады. Суыққа төзімді, аурулар мен зиянкестерге шыдамды болып келеді. (Герберт Одвинкл). Алма орманының көлемі азаюына орай ҚР қызыл кітабына енді. (2014).
Орман генетикалық резерваты
Гендік қор – дарақтардың бір тобы гендерінің (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердің) олардың белгілі бір ұшырасу жиілігімен спатталатын шектегі жиынтығы.
Генетикалық орман резерваты – генетикалық селекциялық тұрғыдан бағалы орман учаскелері.
Іле-Алатау МҰТП аумағында Іле-Алатауы экожүйесінің экологиялық тепе-теңдігін және құнды гендік қорын сақтау мақсатында, сонымен қатар жемісті аймақтың табиғи қорын тиімді пайдалануға, табиғи ареалын қалпына келтіруге және қорғау үшін Түрген филиалы Маловодный орманшылығы Кузнецов сайындағы 1 орамында Сиверс алмасының табиғи өсу ареалында жалпы көлемі 31,9 га аумақты құрайтын «Орман генетикалық резерваты» 2010 ж құрылды.
Сиверс алмасының клондық мұрағаты.
Клондық мұрағат – қосынды және іріктелген ағаштарды вегетативтік көбейту жолымен жасалған коллекциялық учаске.
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу туралы» ережені негізге ала отырып, Түрген филиалы Маловодный орманшылығы Кузнецов сайында Сиверс алмасының генетикалық қорын сақтап қалу мақсатында Сиверс алмасының клон мұрағаты құру жұмыстары 2019 ж жүргізілді. Аталған орында 0,7 га көлемінде жер теліміне, талапқа сай агротехникалық жұмыстардың барлығы жүргізіліп, айналасы қоршалды. Сондай-ақ, дайындалған учаскеге 4*4 схемасымен Республикалық селекциялық-тұқым орталығының «Оңтүстік-шығыс аймақтық филиалынан» 500 дана көшет материалы әкелініп, оның 350данасы егілді. 150данасы толықтыру мақсатында отырғызылды.Отырғызылған көшеттердің биіктігі 25-40 см құрады. Плантацияны толықтыру бойынша Есік орманшылығынан 1,7 га жер учаскесі арнайы ережеге сәйкес толық дайындалды. Сонымен қатар, Ұлттық парк аумағындағы Кузнецов шатқалында арнайы ережеге сәйкес, Сиверс алмасының 22 ағашына плюстік ағаштардың паспорты берілген.
Мемлекеттік орман қоры аумағына Сиверс алмасын отырғызу.
Іле-Алатау МҰТП аумағында жыл сайын 15 га жерге екі жылдық көшеттердің (биіктігі кемінде 60см-1м дейін) 28000 данасы алаңша етіп дайындалған орман қорындағы учаскелерге отырғызылады. Жыл сайын Сиверс алмасының 120 кг тұқымы тамыз-қыркүйек айында жиналады және арнайы мемлекеттік орман тұқым мекемесінен сараптамадан өткізіліп, мекеменің (жалпы 0,5 га аумағына) тұқымбақтарына қазан айының алғашқы аптасында себіледі. Ол жерде 2 жыл күтіп бапталады. Жыл сайын 2-3 га алма екпелері мемлекеттік орман қорына аударылады. Ұлттық парктегі Сиверс алмасының жалпы қоры, мемлекеттік орман қорының есебі бойынша 6921 га құрайды. Ал, мәдени сорттар 1243 га құрайды. Отырғызылған екпелерге толықтырулар жүргізіледі. Себебі қуаңшылық жылдары, жауын-шашынның көп түспеуі, ерте суықтар, т.б табиғи құбылыстар әсерінен екпелердің шығымдылығы төмен болады.
Сиверс алмасына мониторинг және фенологиялық бақылау.
Ұлттық парк ғылыми бөлімінің негізгі жұмысы аумақтағы флора және фаунаға мониторинг жүргізу. Соның ішінде әрбір айналымда мемлекеттік инспекторларға бақылау жүргізу үшін фенологиялық алаңшалар бекітіледі. Олар әрбір ағаш-бұталардың ерте көктемде бүршіктенуінен бастап, жапырақ жаюы, гүлдеуі, жемістенуі, пісуі, жапырақтарының түсуі , алуан түске боялуы сынды түрлі табиғи құбылыстарды арнайы күнделікке күнбе-күн жазып отырады. Ал ғылыми қызметкер әрбір индикаторлы түрге мониторингтік алаңша белгілеп, бақылау жүргізеді. Жыл қорытындысы «Табиғат жылнамасына» жазылады. Мәселен 2007ж бергі өнімділікті бағалау бойынша (2007,2012,2013,2015,2020,2022жж) 6ж өте жоғары өнімділік болса, (2008,2010,2017) 3 ж мүлде өнім болмады. Қалған жылдары кейде желегінде жеміс салса, кейде әрбір ағашта санаулы жеміс болды. Жабайы алманың табиғи түлеу орман қорында аса басым деуге келмейді. Байқағанымыздай Көкбастау орманшылығына шекаралас Талғар аудандық әкімшілігіне қарасты жерде табиғи түлеуі өте жақсы. Ұлттық парк аумағында алманың гүлдеу екі жылда бір рет өте жақсы көрсеткіште болады. Кей жылдары көп жағдайда көктемгі үсік пен кенеттен жауған қар тозаңдануға мүмкіндік бермейді.
Наш менеджер перезвонит вам в течении 10 минут