2010 жылы Іле-Алатау МҰТП аумағында Іле-Алатауы экожүйесінің экологиялық тепе-теңдігін және құнды гендік қорын сақтау мақсатында, сонымен қатар жемісті аймақтың табиғи қорын тиімді пайдалануға, табиғи ареалын қалпына келтіруге және қорғау үшін Түрген филиалы, Маловодный орманшылығы, Кузнецов сайының 1-орамында Сиверс алмасының табиғи өсу ареалында жалпы көлемі 31,9 га аумақты құрайтын «Орман генетикалық резерваты» құрылды.
Сиверс алмасының жаппай гүлдеу процессі ерекше сипатқа ие. Олай дейтініміз, өзі сирек кездесетін жабайы алманың әрбір ағашының жыл сайын бүр жарып, гүлдеп, әрі жемістенуі осы түрдің көбеюіне әсер етеді. Жыл сайын орманшылар тұқым жинап, тұқымбақтарға себеді. Жемісі мол болса аумақта мекендейтін құстар, сүтқоректілер және омыртқасыздардың қорегі болады. Сондай-ақ аппақ түске еніп, түгелдей гүлдеу кезеңі туғанда, алыстан көз жауын алып, иісі өте керемет болады да жан баласына демалыс сыйлайды. Сондықтан, алманың гүлдеуін тағатсыздана күтеміз. Сәуір айының екінші жартысында, соңғы аптасына қарай гүлі көріне бастайды.
Наш менеджер перезвонит вам в течении 10 минут