«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы жалғасын табуда.

Мемлекет басшысының, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары Samal Water компаниясымен бірлесіп экологиялық акция өткізді.
Акция барысында жойылып кетуге қаупі төнген ҚР Қызыл кітабына енгізілген әлемдегі барлық алма ағаштарының ежелгі атасы-Сиверс алма ағашының 2000 дана тұқымы себілді.
Әрбір отырғызылған тұқым-Қазақстанның бірегей табиғатын қалпына келтіруге жасалған қадам. Біздің жасыл әлемімізді бірге сақтайық!