Құрметті ханымдар мен арулар!

Ерлер ұжымы сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер – сұлулықтың, мейірімнің, даналық пен асыл қасиеттердің айнасысыздар. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болып, жүзіңізден әрдайым бақыттың нұры төгіліп тұрсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және шексіз бақыт тілейміз!

Біз сіздерді әрдайым құрметтеп, қолдауға дайынбыз!

Ізгі тілекпен,
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ерлер ұжымы.