Табиғаттың ерекшелігі флорасы мен фаунасын табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Осы мақсатта №188 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Табиғатты қорғайық» тақырыбына дәріс-сабақ өткізілді. Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғаты мен алатын орыны жайлы мағлұматтар айтылды. Оқушылар дәріс-сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап берді. Табиғатты сақтап, қорғау, оның пайдасы жайлы біліп, сабаққа балалар белсенді ат салысып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін танытты.