Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде жабайы өріктер гүлдеді

Қазіргі уақытта Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде көктемнің жарқын белгілерінің бірі — кәдімгі жабайы өрік тоғайларының гүлдеу кезеңі басталды.

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 37 өсімдік түрі кездеседі. Олардың қатарында сирек кездесетін және ерекше қорғауды, әрі қарай зерттеуді қажет ететін жабайы өріктер де бар.

Осы мақсатта 2007 жылы Талғар филиалының Қотырбұлақ орман шаруашылығында өріктің орман генетикалық резерваты құрылды. Оның жалпы аумағы – 168 гектарды құрайды.

Өрік – жемісті және биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін аса маңызды генетикалық ресурс болып табылады.

Жабайы өріктің гүлдеуі — экологиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ көркем табиғи құбылыс ретінде де ерекше мәнге ие.