Іле-Алатауы МҰТП Талғар филиалының қызметкерлері ҚазҰПУ ұстаздары мен студенттері бірлесіп, табиғатты қорғау және экологиялық сананы арттыру мақсатында “Таза Қазақстан” және “Парктер шеруі” акциялары аясында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында студенттер ұлттық парктің табиғатымен танысып, қоршаған ортаны қорғау жолдары жөнінде мағлұмат алды. Сондай-ақ, табиғат аясында тазалық жұмыстары жүргізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосылды.
Акцияға жалпы 10 мыңға жуық студенттер мен университет ұстаздары қатысты.