Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк» РММ-де көктемгі орман екпе көшеттерін отырғызу жұмыстары аяқталып, тұқымбақтарға орман ағаштарының тұқымдарын себуге дайындық жұмыстары басталып кетті. Ақсай филиалының Қаскелең орманшылығында екі уақытша тұқымбақ бар. Оның жоғарғы тұқымбағында маусым айының бірінші жартысында Шренк шыршасы тұқымдарын себу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда орманшылық қызметкерлері тұқым себу алаңының жерін жыртып, тастардан, шөп тамырларынан тазалау жұмыстары мен суару жүйесін қалпына келтіру жұмыстары атқаруда.