Іле-Алатау ұлттық паркінде Сиверс жабайы алма ағашына арналған жаңа туристік бағыт ашылады.
Helios компаниясы Іле-Алатау ұлттық паркімен бірлесіп, жаңа ұлттық бренд — Сиверс алмасы жобасын жүзеге асыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Өз кезегінде, Helios компаниясы қорғалатын аумақта ғылыми Visit-орталық пен бақылау алаңын салады. Бұл алаңнан туристер жабайы алманың гүлдеген керемет көрінісіне тамсана алады. Visit-орталықтың басты нысаны — өмірін алма ағашын зерттеуге арнаған академик Аймақ Жангелдіұлыныңмузейі болады. Сиверс алмасы — Солтүстік Тянь-Шаньдағы ең көне өсімдіктердің бірі және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Helios компаниясы ғылыми туризмді дамытуға өз үлесін қосып, әлем ғалымдарының жабайы алманың генотипін зерттеп, болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуына жағдай жасайды.