Ақ қайың тоғайындағы экосенбілік

18 мамыр күні @lemanopro_kz, @wildnature.volunteers және @ile_alatau_nationalpark бірлесе отырып, көркем жерде сенбілік өткіздік.
Ауа райы жоспарамызға әсер етіп, тазалау жұмыстары жылдам қарқынмен өтті.
Қатысқандар саны: 50 адам
Жиналған қалдықтар:
• қоқыс — 65 кг
• қайталама шикізат — 28 кг
Бұл килограммдар оңайлықпен жиналған жоқ — қатысушылар пластик пен әйнекті жинау үшін тік жартастар мен сайларға түсіп көтерілді. Бірақ біз бұл міндетті абыроймен орындадық!
@lemanopro_kz бұл сенбілікті өткізуге мүмкіндік жасап, бастама танытқаны үшін алғыс айтамыз.
@wildnature.volunteers және @ile_alatau_nationalpark қолдауы мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.
Қайталама шикізатты қабылдаған @ecosen.kz-ке жеке алғысымызды айтамыз.
Желге, жауынға және дауылды ескертуге қарамастан, келіп, бар ынтасымен еңбек еткен әрбір қатысушыға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Сіздер — шынайы шабыт көзісіздер!
Экологиялық болашаққа БІРГЕ қадам басайық!