Талғар ауданында орман өрттерінің алдын алу бойынша бірлескен оқу-жаттығу өткізілді
2025 жылғы өрт қаупі бар маусымы басталуына байланысты, аудандық деңгейде Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалы, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен өртке қарсы оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында орман өрттерінің алдын алу, жедел әрекет ету, техника мен адам ресурстарын үйлестіру, өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау бойынша тәжірибелер алмасылды.
Оқу-жаттығу іс-шарасына 10 дана өртке қарсы техникалары мен мемлекеттік мекемелердің 40 жауапты мамандары қатысты.