“Жасыл ел” жастарымен маңызды кездесу өтті!
Алматы қаласының “Жасыл ел” жасағының белсенді жастарына арналған семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастардың табиғатты қорғау саласындағы білімін тереңдету және экологиялық мәдениетін арттыру.
Тренинг барысында қатысушылар:
Ұлттық парктердің маңызын – олардың биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғи мұраны қорғаудағы рөлін;
Экологиялық мәдениеттің негіздерін – табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру мен экотәрбиенің қоғамдағы орнын;
Жыл сайынғы экологиялық акция – “Парктер шеруінің” мәні мен мақсатын танып білді. Бұл бастама қорықтар мен ұлттық парктердің ашықтығын арттырып, халықты табиғатты аялауға үндеуге бағытталған.
Осындай кездесулер – өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашыр, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Бірге қорғап, бірге дамытайық!