Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына орнатылған фототұзақтар арқылы сирек кездесетін жануарлар бейнетіркеуге алынды.

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына орнатылған фототұзақтар арқылы сирек кездесетін жануарлар бейнетіркеуге алынды.

Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағында сүтқоректілердің 48 түрі мекендейді, олардың алтауы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Жабайы табиғатты бақылау мақсатында орман алқаптарына орнатылған фототұзақтар келесі ерекше сәттерді тіркеді:
Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюының үш дарасы
Түркістан сілеусіні
Марал
Сібір елігі

Аталған бейнематериалдар жануарлардың табиғи ортадағы қозғалысын тіркеп, олардың тіршілік әрекетін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл – еліміздің биоалуантүрлілігін сақтау бағытында жүргізіліп жатқан маңызды ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.