25.07.2025 жылы сағат 12:10 да Іле-Алатауы МҰТП-нің Ақсай филиалы, Ақсай орманшылығымен шекаралас орналасқан Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округіне қарасты жер өрт орын алды.

25.07.2025 жылы сағат 12:10 да Іле-Алатауы МҰТП-нің Ақсай филиалы, Ақсай орманшылығымен шекаралас орналасқан  Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округіне қарасты жер өрт орын алды.  Ақсай филиалының мемлекеттік инспекторы көріп хабар берген. Қазіргі уақытта өртке Іле-Алатауы МҰТП Ақсай филиалының мамандарынан 32-адам, 1-ШОӨК, 4-патрульді көлік, 2-ат. Авиаорманқорғау РМКҚ-дан 7-адам, 1-газел, 1-ұшақ. Алматы облысы Қарасай аудандық ТЖ департаментінен 19-адам, 4-өрт сөндіру көлігі, 2-автоцистерна. Алматы қаласы ТЖ департаментінен 4-адам, 2-өрт сөндіру көлігі. Талғар аудандық ТЖ департаментінен 5-адам, 1-өрт сөндіру көлігі. Қарасай аудандық әкімшіліктен 10-адам және саяжай тұрғындарынан 10-адам жұмылдырылып өрт сөндіру жұмыстарын атқаруда. қазіргі уақытта өрттің аумағы шамамен 80-90 гектарды құрайды.