@ile_alatau_nationalpark мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірлескен тау жорыққа қатыстық

@ile_alatau_nationalpark мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірлескен тау жорыққа қатыстық. Нәтижесінде Озерный шатқалынан таудағы жүрісімізді бастап, Алматы-Алаайғыр асуына жетіп, одан ары қарай межелі нүктеміз Бауыржан Момышұлы (4075 м) шыңына көтерілдік (көптен бері ойда жүрген тау шыңы еді, орындалды)
Шыңға шығу оңай болмады: жолдың ұзақтығы, биік көтерілістер, қолайсыз күн-райы (жел, боран, жауын-шашын) біраз қиындық тудырғанымен, тауға деген ішкі энтузиазммен шыңға табандылықпен көтерілдік.
Таужорықты ұйымдастырған  @ile_alatau_nationalpark паркіне және жол бастаған инспектор Тимур Ахметовке алғыс білдіремін!
Әрқашан көк Туымыз биіктерде желбірей берсін!