Қауіпсіз демалыс

Қауіпсіз демалыс – ортақ міндет! 2025 жылғы 2 тамызда Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ қызметкерлері Есік көлі мен Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Түрген шатқалында демалушылармен өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Демалушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, Арнайы жадынамалар таратылды. Табиғат аясында демалуда ашық от жағуға, қалдықтарды қалдыруға, мас күйінде шомылуға тыйым салынатынын еске саламыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!