Еңбек адамы

Еңбек адамы: Райхан Мұхамеджанова, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманды қорғау, молайту, қалпына келтіру бөлімінің басшысы «Ұлттық паркте орманды қалпына келтіру және молықтыру аясында 42 гектар аумақта 140,1 мың дана ағаш көшеті отырғызылды. Тұқымбақтарда 0,62 гектар жерге орман тұқымдары себілді. Орманды күтіп-баптау жұмыстары 256 гектар аумақта жүргізілді. Биыл тұқым жинау жоспары – 600 кг, оның ішінде: (шырша – 100 кг,өрік – 380 кг, алма – 120 кг). Тауға отырғызатын ағаш көшеттерді өзіміздің 6 тұқымбақта өсіріп, паркімізді толық қамтамасыз етеміз. Ол 5 гектар жерде орналасқан. Оның үшеуі Түрген филилы, Түрген орманшылығында орналасқан, 2-уі Қаскелең шатқалында, 1-і Кіші Алматы орманшылығында орналасқан. Біз тек осы жерде өсетін тұрақты ағаштарды ғана өсіреміз. Олардың тұқымын орманнан жинап алып, осы тұқымбақта, ашық алаңда аялап өсіреміз. Қазір олар орманды молайту жұмыстарында сәтті орындалып жатыр», – дейді Райхан Оразханқызы. Орманшының айтуынша, ұлттық паркте орманды қорғау және сауықтыру жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Мәселен, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 8000 гектар аумақта орман-патологиялық зерттеу жүргізілген, зиянкестер мен аурулар мен зақымдалған 5870 га. Зиянкестерге қарсы 2629,5 гектар аумақта авиациялық-химиялық өңдеу жүргізіліпті.