Алматыға келген қонақтар Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне бас сұқпай қоймайды. Себебі мұнда туристер көп жүретін Медеу, Шымбұлақ, Аюсай, Үлкен Алматы көлі, Бұтақты, Түрген шатқалы орналасқан. Ұлттық парк аумағында жалпы 46 туристік маршрут бар. Туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін соқпақтар абаттандырылып, жаңа маршруттар ашылып жатыр. Информбюро тілшісі Алматы қаласының оңтүстігінде, Іле Алатауының (Тянь-Шань) солтүстік беткейінде орналасқан парктің тынысымен танысып қайтты.













