Іле-Алатауы ұлттық паркінде – ауқымды ақпараттық тур 1–2 тамыз күндері Іле-Алатауы МҰТП аумағында 40-қа жуық республикалық және жергілікті телеарналар, ақпараттық сайттар мен баспа басылымдар тілшілері қатысқан ірі ақпараттық тур өтті. Басты сәттер: Тур Алма-Арасан шатқалынан басталып, автоматтандырылған 4 бақылау-өткізу бекеті таныстырылды. Соңғы 7 айда паркке 507 571 турист келіп, өткен жылмен салыстырғанда 5,4% өсті. BI Group компаниясы «Бақыт соқпағы» жобасы аясында 14 км туристік соқпақты абаттандырып, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан – Қазақстандағы ең биік аспалы көпірді ашты! 5 визит-орталық жұмыс істеп тұр, тағы біреуі Бұтақты шатқалында салынып жатыр. Инфрақұрылым мен экотуризм: Үлкен Алматы шатқалында жеке инвестиция есебінен заманауи орман өрт сөндіру станциясы ашылды Қаскелең шатқалындағы Алатау маралы шаруашылығының жұмыстары таныстырылды Ой Қарағай тау-шаңғы курортында кәріз тазарту құрылысы көрсетілді Ақтас аймағында жаңа аспалы жол іске қосылып, жаңа туристік локация ашылды Түрген орман шаруашылығында ботаникалық тұқымбақ жұмысы таныстырылды Табиғат пен ғылым: 47га жерге 140 мың ағаш отырғызылды 2629 га аумақта зиянкестермен күрес жүргізілді Helios компаниясының жеке инвестициясын тарта отырып, ұлттық парк аумағында Сиверс алмасының архив-клоны, ғылыми-зерттеу визит-орталығы, Аймақ Жаңғалиев атындағы мұражай және қонақ үй кешенін салу жоспарлануда. Туризммен бірге қоқыс мәселесін де шешу – басты міндет. Жыл басынан бері 470 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Іле-Алатауы ұлттық паркі – табиғатты қорғау мен туризмнің үйлесімді дамуы жолында!