Іле-Алатауы ұлттық паркінде тазалық жұмыстары өткізілді
📌«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалының ұжымы қатысып, туристер жиі баратын Алма-Арасан шатқалына жақын маңда орналасқан табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Іле-Алатауы ұлттық паркі мұндай бастамаларды әрдайым қолдай отырып, барлық ұйымдарды табиғатты бірге аялауға шақырады.
🌱 Табиғатты таза ұстау – келер ұрпақ алдындағы борышымыз.