“Таза Өлке” экологиялық акциясы
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында “Таза Өлке” экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға Талғар филиалының қызметкерлері, «Марат» өндірістік кооперативі, Талғар қаласы әкімдігі, «AMANAT» партиясының мүшелері және еріктілер тобы белсене қатысып, бірлесіп еңбек етті.
Акция барысында Талғар шатқалында жиналған тұрмыстық қалдықтар, пластик, бөтелкелер және басқа да қоқыстар жиналды.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.