«Мөлдір бұлақ»

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Жасыл даму» мекемесі және Алматы қаласының Бизнес колледжінің студенттерімен бірлесіп, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Қаскелең орманшылығында тазалық акциясын өткізді.
📌Акция барысында демалушыларға экологиялық пакеттер таратылып, табиғат аясында қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар қоғамда табиғатты қорғау жауапкершілігін арттыруға, жастарды экологиялық құндылықтарға баулуға және әрбір адамның қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауына ықпал етеді.