«Тау криосферасының мониторингі және табиғи апаттар процестерін зерттеу»

Іле-Алатау МҰТП және «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» ЖШС ЮНЕСКО қамқорлығымен 2023 жылғы 4 сәуірде «Тау криосферасының мониторингі және табиғи апаттар процестерін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми ынтымақтастық туралы шарт жасасты. 2024 жылғы есеп Ұлттық саябаққа ұсынылды.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 21 қарашада цифрлық технологияларды қолдана отырып, туристік-рекреациялық жүктеме жағдайында ұлттық парк аумағындағы су объектілерін мониторингілеу әдістемесін әзірлеуге бағытталған AP19679133 жобасы бойынша «Астана «Халықаралық ғылыми кешені» жеке мекемесімен ғылыми ынтымақтастық туралы шарт жасалды. 2024 жылы ұлттық парктің ғылыми-техникалық кеңесінде (ҒТК) баяндама жасалды және аралық жылдық есеп ұсынылды.