🐾23-қазан Халықаралық қар барысы күні!
Қар барысы — Орталық Азияның ең сирек әрі тылсым жыртқыштарының бірі. 🌏
Бүгінде әлемде шамамен 4000–6500 дарақ қана қалған. Олардың негізгі мекені — Памир, Тянь-Шань, Гималай, Алтай және Саяны.
🇰🇿 Қазақстанда ілбіс негізінен Іле, Жоңғар, Тянь-Шань және Алтай тауларында кездеседі.
📸 Іле-Алатауы МҰТП аумағында қар барысын қорғау мен зерттеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Арнайы фототұзақтар арқылы әр ілбіс жеке ID-кодпен тіркеледі, ал 2024 жылы екі дараққа спутниктік телеметрия орнатылды.
🤝 Қырғызстанмен бірге ілбісті қорғауға арналған трансшекаралық меморандум іске асуда.
🌿 Бүгінде ұлттық парк аумағында 39 дарақ қар барысы есепке алынған— табиғатты қорғау ісінің үлкен табысы!
@minecology_kz @qazaqormany
#ХалықаралықҚарБарысыКүні #SnowLeopardDay #Қарбарысы #SnowLeopard #CentralAsia #ІлеАлатауы #Фототұзақ #WildlifeKazakhstan #EcoPark #Қорғау #Экология #wildlife