Республика күніне орай – табиғатқа құрмет, елге қызмет!

Республика күніне орай – табиғатқа құрмет, елге қызмет!

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ұжымы 188 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушыларымен, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің студенттерімен және Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркінің қызметкерлерімен бірлесіп, Кімасар шатқалында сенбілік ұйымдастырды.

Табиғатты таза ұстау — туған елге деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Бірлескен еңбектің арқасында шатқал аумағы қоқыстан тазартылып, көпшіліктің экологиялық мәдениетін арттыруға үлес қосылды.

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғатты аялау – Отанды аялау! 🇰🇿✨

#РеспубликаКүні #ТазаҚазақстан #ІлеАлатауыҰлттықПаркі #КімасарШатқалы #БірлікПенТабиғат #EcoKazakhstan #AlmatyEco #ilealataunationalpark