Ағаш отырғызу акциясы

2025 жылдың 31 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультеті, Биология кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Космос ауылында орналасқан жалпы аумағы 40 гектарды құрайтын жаңа Агробиостанцияның ашылуына орай ағаш отырғызу шарасы өтті.

Іс-шара Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қолдауымен өтті. @ile_alatau_nationalpark Табиғи парк университетке қайың, қарағаш және Шренк шыршасы секілді 100-дан астам ағаш көшеттерін тегін сыйға тартты. Бұл игі бастама Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 15 және 13 мақсаттарына сәйкес келіп, табиғатты қорғауға, орман алқаптарын ұлғайтуға және жасыл аймақтарды көбейтуге нақты үлес қосты.

Шараға Биология кафедрасының меңгерушісі Асия Дүйсенгалиевна , профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.
Биология кафедрасының ұжымы бұл шараның болашақ биолог-педагогтардың кәсіби даярлығын жетілдіруге, экологиялық мәдениетті арттыруға және жасыл бастамаларды дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен тұрақты дамуды қолдау бағытындағы игі істерін алдағы уақытта да жалғастыра бермек.