Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық сенбілік өтті. Шара қалалық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен Экология және қоршаған орта басқармасы тарапынан ұйымдастырылды.
Акцияға 500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері, Экология және қоршаған орта басқармасы мен Экология департаментінің өкілдері, полиция, «Іле-Алатау» ұлттық паркі және еріктілер болды. Қатысушылар шатқал аумағын қоқыстан тазартып, 100 түп ағаш отырғызды.