Іле Алатауы ұлттық паркі аумағындағы өртке қатысты

Іле Алатауы ұлттық паркі аумағындағы өртке қатысты

25 қараша күні Іле Алатауы ұлттық паркініңКіші Алматы орманшылығының 1 телімінің 33 орамында өрт ошағы байқалды. Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 16:50-де өрт толықтай сөндірілді. Өрт аумағы шамамен 1,7 га құрады.

Сөндіру жұмыстарына Іле Алатауы ұлттық паркінен 6 адам және 4 бірлік техника, Алматы қаласы Медеу ауданының 16-ӨСБ және 20-ӨСБ жеке құрамының 15 адамы және 7 арнайы техникасы, Қазавиаорманқорғау РМҚК 4 өрт сөндіруші және 2 техника бірлігі, «Қазавиақұтқару» мекмесінен 1 МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Қызметкерлер қауіпті аймақта жалынның одан әрі таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Құрметті азаматтар! Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорына барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз!