Қызыл кітапқа енген Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus) қыста гүлдеді!
Әдетте бұл эндемикалық түр наурыз–сәуірде ғана көрінеді. Биылғы ауа райының тұрақсыздығы мен жылынуы өсімдіктің ерте гүлдеуіне әсер етті.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркі сирек кездесетін бұл құбылысты бақылап отыр. Туристер мен табиғат сүйер қауымға ескерту: өсімдіктерді жұлмаңыз, таптамаңыз және олардың табиғи ортасын сақтаңыз.
Сирек түрлерді қорғау – баршамыздың міндетіміз! 🌱
#ІлеАлатауы #АлатауШафраны #ҚызылКітап #СирекӨсімдік #ТабиғаттыҚорғау #ҚысҚұбылысы #Эндемик #ТабиғаттыСақтайық
