Тәуелсіздік күніне арналған волейболдан филиалдар арасындағы жарыс
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде волейболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, еңбек ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және бірлікті арттыруға бағытталды.
Жарыс барысында қатысушы командалар ұйымшылдық пен жоғары спорттық дайындық деңгейін көрсетті. Ойындар өзара сыйластық пен әділ бәсеке қағидаттарына сай өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Мұндай спорттық шаралар қызметкерлер арасындағы байланыстарды нығайтып, ортақ мақсат жолындағы татулықты арттыруға ықпал етеді.