Экологиялық акциялар – «Қыстың ашылуы» және «Hike&Bass – The Silence of Nature, Winter in the National Park» аясында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірлесіп JILT x adidas TERREX бастамасы жүзеге асырылады.
adidas Hike & Bass эко акциясы («Hike&Bass – The Silence of Nature, Winter in the National Park») таулы аймақта белсенді демалыстың, экологиялық жауапты форматын ұсынуға бағытталған және табиғатқа ұқыпты қарау мен тұрақты туризмді дамыту қағидаттарына негізделген. Экологиялық акция Үлкен Алматы көлінің маңында алдын ала белгіленген арнайы алаңда (автотұрақ аумағында) өтеді және көлдің жағалау аймағын қамтымайды.
Бағдарлама жеке сымсыз құлаққаптарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл қоршаған ортаға шу әсерін болдырмайды. Қатысушылар саны шектеулі, барлық белсенділіктер табиғат қорғау талаптарын сақтай отырып, күндізгі уақытта өткізіледі.
Білім беру бөлімі:
•қалдықтарды жинау және сұрыптау бойынша дәрістер;
•табиғат аясындағы экологиялық мінез-құлық жөніндегі дәріс;
•таулы аймақта қауіпсіздік техникасы бойынша шеберлік сабағы;
•пейзаждық фотосурет түсіру бойынша шеберлік сабағы.
Сонымен қатар, эко акция аясында көл жағалауында демалушылар қалдырған қоқысты жинау, оны сұрыптау және кейіннен қайта өңдеу үшін Алматы қаласына шығару жұмыстары ұйымдастырылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты — экологиялық ағартушылықты дамыту, табиғи ортада жауапты мінез-құлықты қалыптастыру және экологиялық қауіпсіз демалыс түрлерін кеңінен насихаттау.
