Қар барысы

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Аюсай аумағында түнгі уақытта жол бойында қар барысы байқалып, бейнежазбаға түсірілді.

Қар барысы – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Мұндай кадрлардың тіркелуі ұлттық парк аумағында биологиялық әртүрліліктің сақталып отырғанын көрсетеді.

Аталған бейнежазба мамандар үшін де, табиғат жанашырлары үшін де аса құнды дерек болып табылады.