Маңызды ақпарат!

Маңызды ақпарат!

27 ақпан 2026 ж. күнгі қаркөшкін бюллетеніне сәйкес, Іле Алатауы тауларында лавиналық қауіп жоғары (қызыл деңгей).

Соңғы күндері тауда ауа райы күрт өзгерді:
Артынша мол қар жауды (60–70 см дейін)
Қар жамылғысы 120–200 см-ге жетті

Мұндай жағдайда өздігінен және адам әсерінен болатын қар көшкіндері өте ықтимал.

Әсіресе Кіші және Үлкен Алматы өзендері алабында, Медеу – Шымбұлақ маңында, биік таулы аймақтарда қауіп жоғары.

Тауда серуендеу, фрирайд, альпинизммен айналысу – өмірге қауіпті.
Ресми ескертулерді қатаң сақтаңыздар.
Құтқару құралдарынсыз қауіпті беткейлерге шықпаңыздар.

Таудың сұлулығы керемет, бірақ қауіпсіздік бәрінен маңызды.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз

#лавина #ІлеАлатауы #тауқауіпсіздігі #Шымбұлақ #Алматы