Іле Алатауында Қызыл кітаптағы қос жыртқыш жаңа шатқалдан тіркелді

Іле Алатауында Қызыл кітаптағы қос жыртқыш жаңа шатқалдан тіркелді

Іле Алатауы аумағында сирек кездесетін жыртқыштар кезекті рет бейнетіркеуге түсті. Фототұзақтарға Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қар барысы – Panthera uncia және Түркістан сілеусіні – Lynx lynx isabellinus ілікті.

Бұл жолы жануарлар тек тұрақты мониторинг нүктесінде ғана емес, өзге шатқал аумағында да тіркелген. Мамандардың дерегінше, бейнежазбалар олардың белсенді қозғалысын және аумақтық мінез-құлық белгілерін көрсетеді.

Әрбір бейнематериал ғылыми тұрғыда сараланып, дарақтарды жеке сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі. Ұлттық парк аумағында сирек түрлерді қорғау және мониторинг шаралары жүйелі түрде жалғасуда.