Іле Алатауы — Қазақстандағы ең әдемі таулардың бірі. Бұл жерде көптеген жабайы жануарлар мекендейді. Тауда еліктер, аюлар, қасқырлар және қар барыстары өмір сүреді. Олар табиғатта еркін жүріп, таза тау ауасында тіршілік етеді. Сондықтан Іле Алатауы жануарлар үшін қолайлы мекен болып саналады.