Табиғатпен тілдескен орманшы ару 🌿
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан жандардың бірі – Орман қорғау, молайту және қалпына келтіру бөлімінің басшысы Райхан Мухаметжанова.
Табиғатты қорғауды өмірлік жолына айналдырған Райхан ханым ұлттық парк жүйесінде 20 жылдан астам уақыт табанды еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол орманды қорғау, жасыл желекті молайту және табиғи экожүйені қалпына келтіру бағытындағы көптеген маңызды жұмыстарға белсене қатысып, үлкен тәжірибе жинақтады.
Қиындығы мен жауапкершілігі мол орман шаруашылығында еңбек ету – үлкен төзімділік пен жанкештілікті талап етеді. Райхан Мухаметжанова орман өрттерінің алдын алу және сөндіру жұмыстарына да талай рет қатысып, табиғатты қорғау жолында кәсіби біліктілігі мен батылдық танытты. Сонымен қатар орман отырғызу, жас көшеттерді күтіп-баптау, табиғи байлықты сақтауға бағытталған көптеген орман шаруашылығы іс-шараларының ұйымдастырылуына үлес қосып келеді.
Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен еңбекқорлықты үйлестіре білген орманшы ару – әріптестері үшін де үлгі.
🌸 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Райхан Мухаметжанованы шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз еленіп, табиғатты қорғау жолындағы қызметіңіз әрдайым жемісті болсын. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбекте табыс тілейміз!
Іле-Алатауының табиғатын қорғауға қосқан еңбегіңіз – елге қызмет, болашаққа аманат.