Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз құтты болсын!
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы баршаңызды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Ұлттық дәстүр дәріптеліп, шашу шашылып, туристерге ыстық бауырсақ ұсынылған бұл күн – бірлік пен берекенің айқын көрінісі.
Табиғатпен үндескен Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Әр шаңыраққа амандық, ырыс-несібе, жүректеріңізге жылу мен қуаныш тілейміз!
Наурыз құтты, жыл берекелі болсын!