🔹Жабайы жануарларды есепке алу жұмыстары
🦌2026 жылғы 26 ақпандағы №46 н/қ «Қысқы-көктемгі кезеңде жабайы жануарларды есепке алу туралы» бұйрығына, сондай-ақ 2026 жылға арналған Жануарлар дүниесін қорғау және молықтыру бөлімі жұмыс жоспарына және «Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар түрлерін есепке алу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес, Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы аумағында жабайы жануарларды есепке алу жұмыстары жүргізілді.
📌 Есеп нәтижесінде тіркелген жануарлар : марал, қабан, сібір елігі, сібір таутекесі, қасқыр, түлкі, толай қояны, Тянь-Шань қоңыр аюы, қар барысы, шакал, түркістан сілеусіні, ақкіс, тас сусары.
🐾Жабайы жануарлардың нақты санын анықтау үшін Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы аумағында 5 есептік маршрут белгіленіп, 22 инспектордан құралған команда жұмысқа тартылды. Есеп жұмыстары қысқа мерзімде, бір мезгілде, қолайлы ауа райы жағдайында — тұмансыз, қатты желсіз, жауын-шашынсыз ашық күндерде жүргізілді.
📸Есеп жүргізу визуалды әдіспен, бинокльдер мен дрондарды пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Барлық кездесулер арнайы есеп карточкаларына тіркеліп, жануарлардың орналасқан орны мен уақыты дәл көрсетілді.
🔹Бұл жұмыстар Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы аумағындағы жабайы жануарлардың санын бағалауға, олардың популяциясын сақтау және қорғауға бағытталған маңызды шара болып табылады