2026 жылғы 25–26 сәуір күндері Тәжікстан Республикасының делегациясы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумақтарына жұмыс сапарымен келді. Сапарға Тәжікстан Республикасының экология министрі Баходур Шерализода да қатысты.
Сапар барысында қонақтар визит-орталықтардың жұмысымен, туристік инфрақұрылыммен және экологиялық туризмді ұйымдастыру тәжірибесімен танысты. Тұрақты туризмді дамытуға, қызметтерді цифрландыруға және табиғи кешендерді сақтауға ерекше назар аударылды.
Делегация «Аюсай» визит-орталығында болып, Шарын каньонында туристік маршруттар мен заманауи инфрақұрылыммен, соның ішінде экологиялық көлік түрлерімен танысты.
Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдегі экотуризмді дамытуға үлкен үлес қосады