“Мөлдір бұлақ”

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үлкен Алматы орманшылығында ұлттық парк қызметкерлері мен Medservice Plus компаниясының ұжымы «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» акциялары аясында “Мөлдір бұлақ” экологиялық табиғат қорғау іс-шарасын өткізді.
Акцияға қатысушылар аумақты тазалау жұмыстарына жұмыла кірісіп, үлкен ынтамен еңбек етіп, табиғатты таза ұстауға өз үлестерін қосты. Әрқайсысы ортақ іске жауапкершілікпен қарады.
Іс-шара барысында Kusto Group компаниясы да бастаманы қолдап, тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты.
Бұндай бастамалар экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Біз үшін табиғатты қорғау — болашақ ұрпақ алдындағы маңызды міндет.