“Таза Қазақстан – болашақ кепілі”.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Ахметов Ельнұр Мұхамеджанович Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттерімен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұлттық парк аумағындағы биоалуантүрлілік, табиғатты қорғаудың маңыздылығы және қоршаған ортаны сақтаудағы әрбір азаматтың рөлі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, “Таза Қазақстан” — еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға, табиғатты таза ұстауға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды республикалық акция екені атап өтілді. Бұл тек сенбілік емес, ұлттық сана мен мәдениетті қалыптастыратын кешенді бастама екендігі ерекше айтылды.
Жиынға университеттің Биология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Чилдибаев Джумадил Байдилдаевич қатысып, аталған тақырыптар аясында ғылыми-педагогикалық тұрғыда мазмұнды түсіндірме берді.
Аталған кездесу Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.