“Таза ел – дені сау болашақ”

Іле Алатауы МҰТП қызметкерлерімен ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы «Таза Қазақстан» “Таза ел – дені сау болашақ” атты Бұтақты шатқалында экологиялық акция өткізді.

Іс-шара барысында аумақ тазартылып, қоқыс жиналып, табиғи аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Акция аясында табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті насихаттайтын ақпараттық тақтайшалар орнатылды.

Мұндай бастамалар экологиялық жауапкершілікті арттырып, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» акциясы ғылым, білім, мемлекеттік ұйымдар мен қоғамды ортақ экологиялық мақсат жолында біріктіреді.