Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Ақсай филиалы Қаскелең орманшылығының мемлекеттік инспекторы Стребков Сергей Иванович көп жылғы адал еңбегі мен табиғатты қорғау саласына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-зерттеу жұмыстары және таулы агробиоәртүрлілік бөлімінің ғылыми қызметкері Грачев Алексей Александрович «Құрмет» орденінің иегері атанды.
Бұл марапаттар — табиғатты қорғау жолындағы табанды еңбекке, кәсіби жауапкершілікке және ел игілігі үшін атқарылған қызметке берілген жоғары баға.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, табиғатты қорғау жолындағы қызметтеріңіз табысты бола берсін!
