Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне саяхаттауды жоспарласаңыз, Almaty Hike жүйесінде бағытыңызды алдын ала тіркеңіз.
Тіркелу кезінде жоспарланған бағытты, сапардың басталу және аяқталу уақытын, топ мүшелерінің санын және байланыс деректерін көрсету қажет. Бұл ақпарат төтенше жағдай кезінде туристерді іздестіру және жедел көмек көрсету жұмыстарын жеңілдетеді.
Бағытыңызды алдын ала жоспарлап, ауа райын тексеріп, жақындарыңызға сапарыңыз туралы хабарлаңыз.
🔗 Тіркелу: almatyhike.kz
📞 Төтенше жағдайда: 112
Қауіпсіз саяхаттап, Іле Алатауының табиғатын аялайық!