🔹ІЛЕ АЛАТАУЫ: ТАБИҒАТТЫ САҚТАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

⛰️Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне Дүниежүзілік банктің «Планета, Еуропа және Орталық Азия» бөлімінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандары келді.

🌍Дүниежүзілік банк өкілдеріне ұлттық парктің табиғи экожүйелерді сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және ғылыми мониторинг жүргізу бағытындағы жұмыстары таныстырылды. Аумақты күзету, инспекторлық қызметті ұйымдастыру және табиғатты қорғау шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

🌲Тараптар табиғи аумақтарды тұрақты басқару, мониторинг жүйесін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны нығайту және өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

⛰️Іле Алатауының табиғи байлығын қорғау және оны келер ұрпаққа аман жеткізу — ұлттық парктің басты міндеті.