Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Halyk Орманы» экологиялық жобасының күзгі ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының құрылғанына 10 жыл толуына арналды.
Табиғатты қорғау бастамасына 500-ге жуық адам қатысып, парк аумағына 9 мыңға жуық шырша көшетін отырғызды. Акцияға Halyk Bank қызметкерлері, AITU және ҚБТУ университеттерінің өкілдері, КИПРОС компаниясы, NNEF қоғамдық қоры, серіктес ұйымдар мен еріктілер атсалысты.
Биыл «Halyk Орманы» жобасының серіктестері қатары толықты. ЕВРОБАК пен FlyArystan ұйымдарына Нұрлан Қаппаров атындағы қор және «РУССКО» қоры қосылды. Жоба Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Halyk қайырымдылық қорының бірлескен бастамасы аясында жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда Halyk және Kaspi мобильді қосымшалары арқылы 25 мыңнан астам адам жобаға қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл — қоғамның қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылығы мен табиғатты сақтауға қосқан үлесінің айқын көрінісі.
Он жыл ішінде жүздеген қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырған Halyk қоры экологиялық бастамаларды қолдау арқылы да табиғатты қорғау ісіне үлес қосып келеді.
Табиғатты бірге қорғайық — жасыл болашақты бірге қалыптастырайық!