Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Орманды қорғау, табиғи байлықты сақтау және келер ұрпаққа аманат ету жолындағы қажырлы еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Табиғатқа адал қызмет етіп, орман шаруашылығының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жауапты қызметтеріңізге табыс тілейміз!