Көктемде гүлдеп

Көктемде гүлдеп, жазда жеміс берген ағаш енді бар сұлулығын күздің бояуына сыйлап тұр. Ол жапырақтарын жоғалтудан қорықпайды. Өйткені өмірдің әр мезгілінің өз мәні бар екенін үнсіз түсінетіндей…

Адам да солай шығар. Кейде өсу үшін гүлдеу керек, кейде толысу үшін күту керек, ал кейде артық дүниелерден арылып, өзіңмен оңаша қалу керек.

Күз бізге бәрін мәңгі сақтап қалу мүмкін емес екенін, бірақ әр сәттің сұлулығын сезініп үлгеруге болатынын үйретеді.

#алтынкүз #алматы #ілеалатауы #nikon