Алматы облысы Есік қаласында «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ-сі мен «Алматы ішкі саяхат басқармасы» ММ «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Республикалық мемлекеттік мекемесі, «Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы» РМҚК, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Алтын Адам» табылған жерде құрылған «Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мекемелері арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Келісуші тараптар өз құзыреті шеңберінде төмендегідей ынтымақтастық бағыттарын іске асыруға уағдаласты:
1. Қазақстандық патриотизмді, ұрпақтар сабақтастығын, қазақ халқының ұлттық және отбасылық құндылықтарына құрметті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
2. Аға буын өкілдерінің физикалық белсенділігін арттыруға, психологиялық саулығын нығайтуға және әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған мәдени – демалыс және сауықтыру іс-шараларын бірлесіп ұйымдастыру…
Меморандумға қол қою аясында облыстық Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры Ж.К. Сакташева жоғарыда аталған мекемелерден келген жауапты өкілдерді орталықтың тыныс тіршілігімен таныстырып өтті.
@jumyspenkamtu_alm.obl
@ile_alatau_nationalpark
@esik_belsendi_uzak_omir
@kolsai_koldery
@dendropark.kz